{metadescription}
Қызметкерлерге қол көтерген полиция басшысы жұмыстан қуылды

Қызметкерлерге қол көтерген полиция басшысы жұмыстан қуылды

Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары ішкі істер органдарынан шығарылды.

Алматы полиция департаменті қол астындағы қызметкерге қол көтерген полицейдің ішкі істер органдарынан шығарылғанын хабарлады. Алматы полициясының бастығы Қанат Таймерденовтің айтуынша, жедел тәртіптік комиссия өткізіліп, оның шешімімен Наурызбай аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры К. Жақыпбаев полиция бөлімінің беделін түсіргені және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің этикалық кодексі" нормаларын бұзатын әрекетті жасағаны үшін ішкі істер органдарынан шығарылды.

Сонымен қатар бұл бөлімнің бірқатар басшысы қызметінен босатылды, деп жазады sputnik. Таймерденов өзіндік қауіпсіздік басқармасы бұл фактіні Қазақстан Қылмыстық кодексінің 362 бабы –  билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін айтты.

Сонымен қатар, аталған басқарманың басшысы қызметінен босатылды. Қанат Таймерденов қауіпсіздік басқармасы бұл фактіні ҚР ҚК-нің 362 бабы - билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркегенін айтты. Бұған дейін, Алматыда полиция басшысы қол астындағы қызметкерлерге қол көтерді деген күдікке ілінгені туралы жазған болатынбыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде