Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Батыс Қазақстанда қыз алып қашқандар жантүршігерлік жол апатына ұшырады
1999 жылы туған жүргізуші "Лада Приора" автокөлігімен үш жылқыны қағып кеткен.
14:39 31.08.2021
Батыс Қазақстан облысында қыз алып қашқандар апатқа ұшырап, төрт адам жансақтау бөліміне түсті. Облыстық полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, оқиға 30 тамызда болған. Шамамен сағат 22:30-да Пугачев ауылы маңында Бөрлі – Ақсай – Жымпиты жолының 27-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші "Лада Приора" автокөлігімен үш жылқыны қағып кеткен.
Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, олар Оралдан Ақсай қаласына қыз алып қашып бара жатқан. Апат салдарынан бес адам зардап шекті, оның төртеуі жансақтау бөліміне түсті. Тағы бір адамға хирургия бөлімінде медициналық көмек көрсетілді.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram