Мұрат Бектанов қорғаныс министрі лауазымына тағайындалды
Бұған дейін мемлекет басшысы экс-министр Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдады.
15:11 31.08.2021
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановты қорғаныс министрі қызметіне тағайындады.
"Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын", - делінген жарлық мәтінінде.
Мемлекет басшысының өкімімен Бектанов қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды. Бұған дейін президент Тараз маңындағы жарылыстан кейін бұрынғы министр Нұрлан Ермекбаевтың отставкаға кету туралы өтінішін қанағаттандырды. Тоқаевтың жарлығымен ол қорғаныс министрі лауазымынан босатылды.
26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлім қоймаларының бірінде өрт шығып, артынша оннан астам жарылыс болды. Белгілі болғандай, қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған. Соңғы мәлімет бойынша төтенше жағдайдан 15 адам қаза тапты. Барлығының жеке басы анықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!