{metadescription}
Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі жасөспірім ауруханаға жеткізілді

Батыс Қазақстанда автокөлік аударылып, екі жасөспірім ауруханаға жеткізілді

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 30 тамыз күні Ақжайық ауданы аумағында болды.

Сағат 00.16-да Чапаев-Жалпақтал күре жолы бойында 1990 жылғы жүргізуші «Тойота Ипсом» автокөлігінің руліне ие бола алмай, аударылып қалуына жол берген. Соның салдарынан 16 және 14 жасар екі жасөспірім Ақжайық аудандық орталық ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер қарағаннан кейін екеуі де ауруханаға жатқызылды.

Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция департаментінің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері жол-көлік оқиғалары салдарынан 3 бала қайтыс болып, 47-сі түрлі жарақат алды.

Жаңа оқу жылына орай өңірде «Абайлаңыз, балалар!» жедел алдын алу іс-шаралары (23-31 тамыз – дайындық, 1-9 қыркүйек – негізгі кезең) жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде