{metadescription}
Үйде қамалып қалған мысық екі ай бойы қағаз жеп күнелткен

Үйде қамалып қалған мысық екі ай бойы қағаз жеп күнелткен

Голландияның Схидам қаласында мысық құлыптаулы үйде 52 күн бойы тамақсыз қалып, аман қалған. 

Үйдің бұрынғы иесі шілде айының басында кетіп қалады, содан кейін жылжымайтын мүлік аукционға қойылған. Тарыққан және аш құрсақ мысықты үйдің жаңа қожайындары көреді: олар есікті ашқан сәтте жануар олардың аяғына орала кетеді. Оқиға орнына келген ветеринарлар мысыққа алғашқы көмек көрсетеді. Олар жануарға дәрілік тамшы салып, анализ тапсырған. Зерттеу нәтижелері хайуанның екі ай бойы үйден табылған қағаздарды қорек қылып, тамшылап тұрған шүмектен су ішкенін анықтайды. 

Қазіргі уақытта Фин деген лақап атқа ие болған мысық асыранды жануарлар үйшігінде, оған жаңа қожайындар іздеуде. Полиция мысықтың қалай бос үйге қамалып қалғанын анықтау үшін үйдің бұрынғы иесін іздестіруде.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.