{metadescription}
Елордада сауда орталығы жанып жатыр

Елордада сауда орталығы жанып жатыр

Елордадағы Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесінде орналасқан «Тұлпар» сауда үйінде өрт шықты.

Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, ғимаратта сауда бутиктері жанып жатыр.

«Бүгін сағат 07:36 минутта елордалық Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Байқоңыр ауданы Уәлиханов көшесі 24 «Тұлпар» сауда үйінде өрт орын алғаны туралы хабарлама келіп түсті. 3 шақырту дәрежесі белгіленіп, өрт сөндіру есептерінің келіп жетуі кезінде 4 қабатты сауда үйдің ең жоғары 4-ші қабатында орналасқан сауда бутиктерінің өртеніп жатқаны анықталды. Өрт сөндіру жедел штабы құрылып, 2 жауынгерлік учаскеге бөлінген», - делінген аталмыш департаменттің хабарламасында.

Қазіргі сәтте өрт орнында елордалық ТЖД-ның 19 техникасы және жеке құрамның 71 адамы жұмылдырылған. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде