Президент ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды
Келер жылы елімізде ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мың теңгеге артады.
12:34 01.09.2021
"Елімізде ең аз жалақы көлемі 2018 жылдан көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс қазақстандықтардың табысына салдарын тигізді. Оның үстіне ең төменді жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның біраз елдерінен артта келеді. Сондықтан, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 42 500-ден 60 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын.
Аталған бастама 1 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі жалақы мәселесін жойып, ел экономикасына оңтайлы әсерін тигізеді. Және сарапшылардың пікірінше бұл ЖІӨ-ді 1,5 есе артуына ықпал етеді", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!