Ақтөбеде 6 мектепте бомба қойылған деген хабар тарап, салтанатты шара тоқтатылды
Ақтөбе қаласында мектептерде бомба қойылғаны туралы хабар тарады.
13:46 01.09.2021
Соған байланысты қаланың әртүрлі ауданындағы алты мектепте бірінші қыркүйекте 1-сынып оқушыларына арналған салтанатты шара өтпеді. Адамдарды қауіпсіз жерге жеткізіп, полиция мен төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерін шақыруға тура келді.
Белгісіз біреу № 1, 2, 22, 21, 51, 56 мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлаған. Хат №2 мектептің электронды поштасына бірінші қыркүйек таңғы 8:30-да келген. Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Жолдас Батырханның айтуынша, өңірде 418 мектеп бар. Оның ішінде алты мектеп салтанатты шара тоқтатылды. Мұғалімдер мен оқушылар эвакуацияланды.
Мектептерде саперлер мен полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!