Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда Pfizer вакцинасы уақытша тіркеуден өтті
Pfizer-BioNTech Comirnaty вакцинасы Қазақстанда уақытша тіркеуден өтті.
14:50 01.09.2021
Денсаулық сақтау министрлігі 23 тамызда Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Комирнати" вакцинасына 8 ай мерзімге уақытша тіркеу куәлігін бергенін хабарлайды. Комирнати вакцинасын Pfizer мен BionTech компаниялары бірлесіп жасаған. Вакцинаны қолдану жөніндегі нұсқаулықта препарат ересектер мен 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған деп көрсетілген.
Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл вакцина тек жүкті әйелдер мен балаларға ғана қолжетімді болатынын айтқан болатын. Бұл ретте балаларды вакцинациялау тек ата-аналарының немесе заңды қамқоршыларының рұқсатымен ғана жүргізілетін болады.
Ведомство вакцинация әлі басталмағанын атап өтті. Нақты мерзімдер туралы кейінірек хабарланады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram