Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Тоқаев кімдерге жер берілетінін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударатын адамдарға көбірек жеңілдік жасауды тапсырды.
16:05 01.09.2021
Айтуынша, үкімет оңтүстіктен солтүстікке көшетін азаматтарға жәрдемақы бөлудің қолданыстағы механизмін өзгертуі керек.
"Атап айтқанда, жәрдемақыны тек әкімдік арқылы ғана емес, жұмысшыларды оңтүстіктен өз бетінше жалдайтын жұмыс берушілердің шығындарын өтеу жолымен ұсынуға болады", - деді Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында.
Сонымен қатар президент өз кәсібін ашқысы келген қоныс аударушыларға көмектесуді тапсырды.
"Сондай-ақ оларға жер учаскілерін беру мүмкіндігін қарастыру қажет. Жер тек үй құрылысына ғана емес, ауыл шаруашылығы үшін де берілуге тиіс. Мемлекеттік қолдау шаралары азаматтарға барынша қолжетімді болуы керек", - деді мемлекет басшысы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram