Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
СҚО-да ер адам сіреспеден қайтыс болды
Солтүстік Қазақстан облысында аяғына шеге кіріп кеткен ер адам сіреспеден қайтыс болды.
16:24 01.09.2021
СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасовтың айтуынша, оқыс оқиға Ғ.Мүсірепов ауданында болған. Жергілікті санитариялық қызметке Новоишимка елді мекенінде 1967 жылы туған адамның сіреспе ауруын жұқтыруы мүмкін деген жедел хабарлама түседі. Эпидемиологиялық тергеу кезінде сырқаттың Өзбекстан азаматы екендігі анықталды. Ауданға ол былтыр жұмыс бойынша, құрылысты жүргізуге келген екен. 21 тамызда құрылыс жұмыстары кезінде ол оң аяғын тот басқан шегемен жарақаттады.
«25 тамыз күні кешкі сағат 22.00-ден кейін ауруы ушығып, басы кейкиіп, жағы құрысып қалған. Ол күні медициналық көмек сұрамаған. 26 тамыз күні жағдайы жақсармағаннан кейін ғана жедел жәрдем шақыртқан. Науқас бірден аудандық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы нашар болды, ауру бүкіл омыртқасына тарап үлгерген екен. Оған «сіреспе» диагнозы қойылды», - дейді Арман Күшбасов.
Маманның айтуынша, сырқатқа бірден сіреспеге қарсы вакцина қойылған. Алайда кеш қаралғандықтан, ем-дом көмектеспеді. 28 тамыз күні ер адам қайтыс болды.
Сіреспе – Clostridium tetani спорасының бактериялары тудыратын инфекциялық ауру. Ол барлық жерде: қоршаған ортада, әсіресе, топырақта, жан-жануардың тезегінде, күлде, терінің үстінде, тат басқан құрал-саймандарда, соның ішінде шеге, ине, сым және тағы басқаларында болады. Инфекция ыстыққа және көптеген антисептиктерге төзімді. Сондықтан споралары жылдар бойы сақталуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram