{metadescription}
Паралимпиада: Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті

Паралимпиада: Қазақстан қоржынына бесінші медаль түсті

Токиода өтіп жатқан Паралимпиадада қазақстандық Нұрдәулет Жұмағали жүзуден қола жүлдегер атанды.

Нұрдәулет Жұмағали 100 метр қашыққа брасс әдісімен жүзу жарысында сынға түсті. Бәсеке қорытындысында Нұрдәулет 1:05.20 нәтижесімен мәрені үшінші болып қиды.

Әлемдік рекорд жасаған германиялық Тализо Энгель (1:02.97) чемпион атанса, америкалық Дэвид Абрахамс (1:04.38) күміс жүлдеге ие болды. Нұрали сегізінші болып келді (1:10.99).

Бұл Қазақстанның Паралимпиада ойындарындағы бесінші медалі. Бұдан бұрын Давид Дегтярев пауэрлифтингтен алтын алса, Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина парадзюдодан күміс жүлдеге ие болған еді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде