Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ер адам жоғалған қызымен 58 жылдан кейін кездесті
Лондон қаласының тұрғыны 58 жылдан кейін алғаш рет жоғалған қызымен қайта жолықты.
20:08 01.09.2021
87 жастағы Рой Дэвид бүкіл өмірін сауда кемелерінде жұмыс жасаумен өткізіп бір орыннан екінші орынға көшіп-қонып жүрген. 19 жасында Нью-Йоркте ол Сильвия есімді медбикемен танысып, одан бірінші қызы Шерил дүниеге келеді. Алайда отбасының алғашқы некесі қиындау болды, өйткені ер азаматтың уақытының көп бөлігін теңізде өткізіп бала тәрбиесіне үлгермеуі әйелі мен енесіне ұнамайды.
Ерлі-зайыптылар ажырасады, бірақ ер адам қызына үнемі барып тұрады. Күндердің күнінде бұрынғы әйелі мен қызы ешқандай хабар айтпастан жоғалып кетеді. Біраз уақыттан кейін теңізші Лондонға көшіп келіп, үйленеді және тағы да балалы болады. Бірақ, өзі мойындағандай, ол өзінің бірінші баласын ешқашан ұмытпаған.
Ер адам Long Lost Family бағдарламасына өтініш беру арқасында қызымен байланыс орната алады. Нәтижесінде оның қызы АҚШ-та тұратыны және өзінің немерелері мен шөберелері бар екені анықталады.
"Мен бұл жаңалықты алғаш естігенде төбем көкке бір елі жетпей тұрды. Бұл жағдай мені мүлдем басқа адам етіп өзгертіп жіберді. Енді мен өмірлік мақсатыма жеткен уақытта өзімді кінәлі сезінуден аулақ бола аламын", - деп сезімімен бөліседі Рой Дэвид.
Телебағдарлама ұжымы ер адамның қызымен және 47 жастағы немересімен кездесуді ұйымдастырып қойған. Олар Лондонға ұшып келіп міндетті карантин уақытынан кейін араға 58 жылды салып қайта қауышты. Қызы Шерил өз кезегінде әкесіне деген реніші жоқ екенін айтып өтті.
"Ең алғаш ол мені "қызым" деп атаған сәтте менде барлығы өзгеріп сала берді. Бұл бір күннің нұрынан жайқалған гүлге ұқсас дүние. Тамаша сезім", - дейді ол.
Түсірілімнен кейін 87 жастағы қария жоғалған жанұясының басқа мүшелерімен жолығу үшін Нью-Йоркке билет сатып алды.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram