Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Петропавлда екі бойжеткен аялдаманы қиратқан
Петропавл қалалық полиция басқармасының мәлімдеуінше, 1 қыркүйек күні сағат таңғы 5.00 шамасында Петропавл тұрғыны колледж маңындағы әйнек аялдаманы біреулердің сындырғанын айтқан.
09:06 02.09.2021
Оқиға орнына жеткен полиция наряды бұзақыларды сол жерде ұстаған. Аялдаманың әйнегін шаққандар облыс орталығының тұрғындары – 20 жастағы екі бойжеткен екен. Екеуі де мас болған. Осы оқиғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы – «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналды. Іс сотқа беріледі.
Бұл бап бойынша 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram