{metadescription}
Паралимпиада: Зүлфия Ғабидуллина жүзуден финалға шықты
Қазақстан тарихындағы алғашқы Паралимпиада чемпионы Зүлфия Ғабидуллина Токиодағы Паралимпиада ойындарында 50 метрге еркін стильмен (S4) жүзу жарысында финалға шықты.
09:48 02.09.2021
Ғабидуллина қашықтықты 44,57 секундта жүзіп өтіп, өз тобында төртінші орын алды. Бұл финалға шығуына мүмкіндік берді. Финал бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен 16:38-де басталады.
Еске салайық, Ғабидуллина 2016 жылғы Рио Паралимпиадасы мен 2018 жылғы Пара Азия ойындарында алтын медаль алған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!