Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ақтөбеде тағы бірнеше мектепке «бомба қойылды» деген хабарлама түсті
Ақтөбеде кешегі дүрбелең тағы қайталанды.
10:12 02.09.2021
Бүгін де «мектепке бомба қойылды» деген ақпарат түсті Ақтөбе қаласында кеше 6 мектепте алғашқы қоңырау салтанаты өтпеді. Полиция қызметкерлері мен саперлар жедел қимылдап, іздеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен бірге қылмыстық іс те қозғалды. Алайда бүгін тағы да бірінші кезеңде оқитын балалардың сабағы болмай қалды. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, тағы да «№2, 1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептерде бомба бар» деген хабарлама түсіп, іздеу шаралары жүргізілді.
«Кешегі мектептерге сондай мәтінмен ертемен тағы да хат түсті. Тиісті органдарға хабарлама бердік. Тексеру шаралары жүргізілуде», - деп жазылған басқарма таратқан хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram