{metadescription}
Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы мен грант беріледі

Халықаралық олимпиада жеңімпаздарына ақшалай сыйақы мен грант беріледі

Халықаралық олимпиада жеңімпаздары мен оларды дайындаған тәлімгерлерге бір реттік ақшалай сыйақы беріледі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

«Халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын қолдау бойынша тоқталсақ, оларға конкурсқа қатыспай-ақ жоғары оқу орындарына түсу үшін грант беру мәселесін заңнамалық түрде реттейміз. Сондай-ақ халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарын ынталандыру және қолдау мақсатында алтын медальға 1500 айлық есептік көрсеткіш - биыл ол 4,5 млн теңгеге жуық, күміске – 1000, қолаға – 500 айлық есептік көрсеткіш ақшалай бірмезгіл сыйлықтарын тағайындау жоспарлануда», - деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар жеңімпаздарды дайындаған педагогтар мен тәлімгерлерге тиісті бір реттік ақшалай сыйақы беру көзделіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде