{metadescription}
Елордада микроавтобус өртенді
Елордада орталық көшелердің бірінде микроавтобус отқа оранып, түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.
12:52 02.09.2021
«Сағат 10.40-та Қабанбай батыр даңғылыдағы «Азия-парк» СОСО жолда Volkswagen маркалы шағын автобус өртенді. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 2 техника жіберілді», - делінген елордалық ТЖД-дан.
Сағат 10:49-да тілсіз жау ауыздықталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!