{metadescription}
Ақтөбеде ғимарат опырылып құлап, әйел көз жұмды

Ақтөбеде ғимарат опырылып құлап, әйел көз жұмды

Ақтөбеде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының филиалы орналасқан екі қабатты әкімшілік ғимарат опырылып құлады, деп хабарлады Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға сәрсенбіде, 1 қыркүйекте шамамен сағат 19.25-те болған. 200 шаршы метр аумақ қираған. Төтенше жағдай орнына дереу 15 қызметкер мен төрт техника жіберілді, олар ғимаратта болған бес адамды құтқарды. Зардап шеккен 1988 жылғы әйел жансақтауда қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мәлімдеді. 

1988 жылы туған Ләззат Мырзагелдина Ақтөбе облысы бойынша "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ филиалының мониторинг бөлімінің маманы болған. Ол көптеген жарақат алып, қабырғасы сынған еді. 

ТЖД өкілі журналистерге ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Сондай-ақ, ПД баспасөз қызметі өкілі ҚР ҚК 156-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде