Павлодар облысында көпқабатты үйден 1 жасар сәби құлап кеткен
Солнечный кентінде бір жасар бала көпқабатты үйдің балконынан құлап кеткен.
16:48 02.09.2021
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат 16.45-те Екібастұз қаласының ауруханасына бала жарақатпен жатқызылған.
«Полиция 2020 жылы туған баланың әкесімен бірге Солнечный ауылында болғанын анықтады. Әкесі ұялы телефонына қарап отырған кезде ұлын көзден таса қылып алған. Бала балконға шығып, терезеден құлап кеткен», - деп департаментте.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қазіргі уақытта баланың жағдайы ауыр екенін, жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.
«Көкбауырды алып тастау үшін жедел емдеу жүргізілді, травматикалық алшақтық тіркелді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, дәрігерлер балаға бас, мидың, көкірек органдары мен іштің жарақаты диагнозын қойды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары