{metadescription}
Ақтөбелік ойыншық тапаншамен кеңсе тонап кетті

Ақтөбелік ойыншық тапаншамен кеңсе тонап кетті

Ер адам микрокредиттік ұйымның кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 74 000 теңге ұрлап кеткен.

Ақтөбеде шағын несие беру ұйымының қызметкерін қорқытып, кассада бар ақшаны алып кеткен күдікті ұсталды. Белгісіз біреу шағын несие беру ұйымының кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытқан. Сөйтіп 74 000 теңге ақшаны алып кеткен.

«Оқиға орнына полиция жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары негізінде 23 жастағы күдіктіні ұстады. Ұсталған адам істеген әрекетін толығымен мойындады. Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер тергеуге байланысты жария етілмейді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Сонымен қатар, күдікті қолданған тапанша ойыншық екені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.