Қостанайда 11 жастағы қызды көлік қағып кетті
Жол-көлік оқиғасы бүгін түсте болды.
18:09 02.09.2021
Миы шайқалған қыз ауруханаға жеткізілді.
«Бүгін 13:34-те Абай-Волынов көшелерінің қиылысында 31 жастағы жүргізуші «Lada» автокөлігімен келе жатып, бағдаршам жанында 11 жасар қызды қағып кетті. Миы шайқалған қыз ауруханаға жеткізілді», - деп қысқаша түсіндірді полициядан.
Ведомствода қыздың жолды бағдаршамның жасыл түсіне өткен-өтпегені әлі белгісіз екені айтылды.
«Оқиғаны түсіріп алған камераның видеосында бағдаршамның түсі көрінбейді. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының мән-жайы куәгерлерден сұралып жатыр», - деді полиция.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!