Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанның бірқатар облысында дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның төрт өңірінде қатты жел мен бұршаққа байланысты дабылды ескерту жарияланды.
19:13 02.09.2021
Синоптиктердің болжамынша, 3 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады. Петропавл қаласында да күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр болжанып отыр. Өңірдің солтүстік-батысында найзағай, бұршақ күтілуде. Желдің екпіні 15-20 м/с-ті құрайды. Оралда кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ түседі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында 15-20 м/с жел болжануда. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде шанды дауыл соғады. Облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады. Басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram