{metadescription}
ШҚО-да көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі мерт болды

ШҚО-да көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі мерт болды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жеңіл көлікпен соқтығысқан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 1 қыркүйекте сағат 14:00 шамасында болған.

«Прапорщиково ауылындағы Школьная көшесінде келе жатқан мотоцикл жүргізушісі қауіпсіз қашықтықты сақтамай «ВАЗ» автокөлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан қарсы бағыттағы жолға ұшып түскен мотоцикл тізгініндегі ер адамды көлік басып кетті», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

43 жастағы азамат оқиға орнында жан тапсырған. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.