Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстан құрамасының туын алып шыққан Нұрлан Домбаев жартылай финалға шықты
Қазақстандық паратаэквондошы Нұрлан Домбаев Токиодағы Паралимпиада ойындарында алғашқы кездесуін өткізді.
11:01 03.09.2021
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финалда Нұрлан аргентиналық Хуан Самораномен кездесіп, 27:25 (15:11, 6: 5, 4: 9, 2: 0) есебімен жеңіске жетті. Осылайша, ол негізгі тордағы кездесуді жалғастырады, ал Саморано жұбаныш жекпе -жектеріне қатысады. Айта кетейік, аталған ойындарда Домбаев еліміздің паралимпиадалық құрамасының туын көтеріп шыққан болатын.
Бүгін тағы бір қазақстандық таеквондошы Камиля Досмалова бірінші жекпе-жекте сербиялық қарсыласынан жеңіліп қалды, алайда жұбаныш раундының ширек финалына жолдама алды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram