{metadescription}
0:000:00

Елордада мектептен өрт шықты

Оқушылар өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ. Нұр-Сұлтанда №54 мектеп-лицейінде өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт бүгін таңертең 9:04-те басталған. Бірінші қабаттағы төбенің жылылау үшін қолданылатын жабындысы тұтанды.

"Өрт сөндіру қызметіне Байқоңыр ауданы Иманбаев көшесіндегі №54 мектеп-лицейінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер бірінші қабаттағы төбе жабындысының тұтанғанын анықтады. Өрт 15 минут ішінде сөндіріліді", - делінген хабарламада.

Өрт аумағы 8 шаршы метрді құраған. Оқушылар өрт сөндірушілер келгенге дейін эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Оқу процесі жалғасуда. Өртті сөндіруге сегіз өрт сөндіруші қызметкер мен 4 техника жұмылдырылды.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде