{metadescription}
БҚО-да тоқ соққан 36 жастағы ер адам мерт болды

БҚО-да тоқ соққан 36 жастағы ер адам мерт болды

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 1 қыркүйек күні кешкісін Тасқала ауданы Достық ауылында болды.

Сағат 21.00-де құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде өз үйінің ауласында 1985 жылғы ер адамды электр тогы соққан. Марқұм оқиға орнында көз жұмды. Ер адамның мүрдесі Орал қаласына сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Аталмыш дерек жазатайым оқиға ретінде тіркелді. БҚО полиция департаменті электр құралдарын пайдалану кезінде абай болу керектігін еске салады. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде