Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанға атом станциясы қажет - Тоқаев
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикаға АЭС қажет екенін айтты.
15:23 03.09.2021
Президент бұл мәселені жан-жақты қарау керек деп санайды.
"Мен Қазақстан халқына жолдауымда Қазақстанда атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерделеу міндетін қойдым. Мемлекеттің, халық пен бизнестің өзекті қажеттіліктерін тиісті шамада ескеру маңызды. Менің ойымша, бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын уақыт жетті, себебі Қазақстанға АЭС қажет", - деді Тоқаев Шығыс экономикалық форум - 2021-де онлайн режимде сөйлеген сөзінде.
Шығыс экономикалық форумы 2-4 қыркүйекте Владивостоктағы Қиыр Шығыс федерал университетінің кампусында өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram