Елордада 3 автомобиль соғылып қалды
Елорда көшелерінің бірінде бетон араластырғыш көліктің кесірінен 3 автомобиль соқтығысып қалды.
16:32 03.09.2021
Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің бапсасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, оқиға Алаш тасжолында болған. Бетон араластырғыш Shacman көлігінің 55 жастағы тізгіншісі Жетіген көшесі жақтан Алаш тасжолының бойымен Уәлиханова көшесіне беттеп келе жатқан. Көпірге жеткенде жүргізуші рөлге ие бола алмай, бетон блоктарға соғылған. Блокторда бұзып өткен көлік жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Соның кесірінен Toyota Mark, Toyota Avensis, және «Mercedes-Benz маркалы үш автокөлік соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккендер жоқ», - деп жазады Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін департемнт мамандары елордада бір аптаның ішінде 8 заңсыз қару тркіленгенін хабарлаған болатын.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!