Алматы маңында санавиация ұшағының қозғалтқышы істен шықты
Алматы - Семей бағытында ұшқан ұшақ қозғалтқышы істен шығып, әуежайға қайта қонды.
15:48 03.09.2021
Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Ведомстводағылардың айтуынша, Eastwing компаниясы EWZ1149 санитарлық рейсін атқарған. Як-40 маркалы ұшақ Алматыдан Семейге аттануға тиіс болған.
Ұшақ көкке көтерілгенен кейін экипаж сол жақ қозғалтқыштың істен шыққанын хабарлады. Ұшақ әуежайға қайтып оралып, сағат 11.17-де сәтті қонды. Министрліктің мәліметінше, ұшу кезінде әуе кемесінің бортында екі дәрігер мен 5 экипаж мүшесі болған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары