Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
3 жастағы балаларға өз бетінше жынысын таңдауға рұқсат берілмек
Жаңа Уэльс Австралия штатында үш жастан бастап балаларға өз бетінше жыныс таңдауға рұқсат бермек.
21:00 03.09.2021
Жаңа Оңтүстік Уэльс балалар басқармасы биыл нұсқаулық шығарған. "Мүмкіндіктерді кеңейту және қатысу" деп аталатын Үкіметтің жарияланымы ғалымдар мен сарапшылар арасында жағымсыз реакция тудырды. Үкіметтің ұсыныстарына сәйкес, үш жастағы балаларға өз бетінше жыныс таңдауға рұқсат етіледі. Дәстүрлі "ол" есімдігінен басқа, өзін бинарлы жыныстық жүйеден тыс көретіндер үшін “олар” сияқты үшінші жынысты білдіріетін есімдіктерін тізімге енгізу ұсынылған.
Кейбір мамандар мектеп жасына дейінгі баладан оның гендерлік сәйкестігі туралы сұрау жеке тұлғаның дамуына зиян тигізуі мүмкін дейді. Сондай-ақ, бұл балаларды шатастыруы мүмкін деп санайды, өйткені олар гендер ұғымын әлі игермеген. Нұсқаулықта үш жастан сегіз жасқа дейінгі балаларға қамқорлық жасайтын ересектер мен ата-аналар ешқашан олардың жынысын анық көрсетпеуі керек делінген. Австралиядағы қоғамдық қатынастар институтының докторы Белла Д' Абрера баладан қандай есімдікті таңдағанын сұрау өте орынсыз деп санайды.
"Балаларға бұл сұрақты қою өте күлкілі. Үш жастағы балалар есімдіктің не екенін білмейді. Қоғам ретінде біз балаларға бала болуға мүмкіндік беруіміз керек. Оларды екіден көп жыныс бар екендігі жайындағы ғылыми жалған нәрсенің арасына түсіруге болмайды", - деді ол.
Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының балалар қамқоршысының кеңсесінің өкілі балаларға өздеріне қатысты есімдіктерді таңдауының пайдасы бар деп болжайды.
"Баланың оған қалай қарым-қатынас жасағанын біле отыра, шатасып қалмауға, өзара сенім орнатуға болады", - дейді ол.
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram