{metadescription}
Алматы облысында жоғалған бойжеткен 9 күннен соң табылды

Алматы облысында жоғалған бойжеткен 9 күннен соң табылды

Жасөспірімді іздеу үшін Алматы облысынан бөлек Алматы қаласының да полицейлері жұмылдырылды.

25 тамыз күні із-түзсіз жоғалып кеткен қызды полицейлер Алматы қаласынан тапқан. Бірақ тәртіп сақшылары оның 9 күн бойы қайда болғанын, не істегенін, қай жерден тапқаны жөнінде ақпарат бермеді. Тек Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, іздеуде болған баланың Алматыда екенін Ескелді ауданының полицейлері анықтаған.

«Алматы облысының полицейлері іздеуге қатысқан барлық еріктілерге алғыс айтады. Қыз баланы тәртіп сақшылар ата-анасына апарды», - деп мәлімдеді аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.