Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда ер кісі баланы шапалақпен ұрып жіберген видео таралуда
Әлеуметтік желіде ересек жастағы ер адамның 10 жасар баланы шапалақпен ұрып жіберген видеосы таралуда.
12:35 04.09.2021
Алматы қалалық полиция департаменті бастығының тергеу бойынша орынбасары Рустам Абдрахманов даулы видеоға пікір білдірді. 10 жасар бала подъезден шыға бергенде ішке әйел мен кішкентай қыз кірген. Ал бала табалдырықты аттай салысымен, оған бейтаныс ер адам тап берген. Ол баланың басынан ұрып жіберген. Бала жерге құлаған.
1 қыркүйек күні болған оқиғадан кейін анасы полицияға шағым түсіріпті. Ол баласының дене жарақатын алғанына шағымданған. Тергеу барысында баланы 1966 жылы туған азамат А.-ның ұрғаны анықталды.
"Оқиғаның мән-жайын анықтау Әуезов аудандық полиция басқармасына тапсырылды. Тәртіп бұзушы жауапқа тартылады", – деп жазды Абдрахманов Instagram-дағы парақшасында
Дереккөз: Stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram