{metadescription}
Ер адам бойжеткенді 9 күн жертөледе зорлаған

Ер адам бойжеткенді 9 күн жертөледе зорлаған

Ресейдің Нижний Новгород қаласында ер адам 23 жастағы бойжеткенді 9 күн бойы жертөледе қамап, зорлаған. 

Күдікті сенбіге қараған түні ұсталды. Бойжеткен 24 тамыз күні жоғалып кеткен. Тергеу мәліметіне сәйкес, 39 жастағы ер адам жәбірленушімен сайт арқылы танысқан. Кездесуден кейін бойжеткен ер адаммен бірге кетті. Бұдан соң жәбірленушімен байланыс үзілді.

Бастапқыда адам өлтіру фактісі бойынша іс қозғалған. Кейін бойжеткен гараждың жертөлесінде табылды. Ол тоғыз күн бойы сол жерде кісенмен байлаулы отырған. Ер адам пышақпен қорқытып, күн сайын зорлағаны белгілі болды.

Жәбірленуші құтқарылған соң полицейлер күдіктіні тапты. Ол екі тәулік бойы жасырынған. Жұмадан сенбіге қараған түні қолға түсті.

Дереккөз: Sputnik
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде