{metadescription}
Қазақстандықтар Токио Паралимпиадасында ойын көрсетуін аяқтады

Қазақстандықтар Токио Паралимпиадасында ойын көрсетуін аяқтады

Қазақстандық спортшылар 2020 жылғы Токио Паралимпиадасында ойын көрсетуін аяқтады.

Ел құрамасынан Нышан Өмірәлі дүбірлі додада ойын көрсеткен соңғы спортшы болды. Ол 75 келіде сынға түсті. Қола жүлде үшін сайыста қазақстандық спортшы мексикалық Франиско Педросқа 15:18 есебімен есе жіберді. Осылайша ол қола жүлдеге қол жеткізе алған жоқ.

Қазақстан құрамасы дүбірлі додада 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль алды. Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг) чемпион атанды. Ал, пара дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс алса, суға жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола жүлдегер атанды. Жалпы командалық есепте 51-орында тұр

Токио Паралимпиадасы 5 қыркүйекте мәресіне жетеді.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде