{metadescription}
205 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр

205 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр

Ресейде жексенбі күні орман өрттерінің аумағы 205 мың гектардан асты.

ТАСС агенттігінің Avialesokhrana FSBI баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, өткен тәулікте 3662 гектар аумақта 66 орман өрті сөндірілген.

«2021 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша Ресей Федерациясы аумағында 205 382 гектар аумақта 121 орман өрті орын алды», - деп мәлім етті баспасөз қызметі.

Барлық өрттердің негізгі бөлігі Якутияға тиесілі. Қазір онда 143 мың гектардан астам орман өртеніп жатыр. Иркутск облысында шамамен 27 мың гектар отқа оранды. Шамамен 8 мың гектар - Свердлов облысында, 4,5 мың гектардан астам - Мари Элде, 2,5 мың гектардан астам - Башқұртстанда, 2 мың гектарға жуығы - Магадан облысында. Ал басқа 14 аймақта әрқайсысында 1 мың гектарға жуық орман тілсіз жаудың құрсауында қалды. Сондай -ақ, ерекше қорғалатын жерлерде төрт өрт тіркелді - Мордовия, Самара облысы мен Башқұртстанда.

Ресейдің жеті аймақта төтенше жағдай режимі енгізілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде