{metadescription}
0:000:00

Алматыда монша кешені отқа оранды

Керей мен Жәнібек хандар көшесіндегі моншада өрт шықты.

Төтенше жағдай кезінде кешенде демалушылар болмаған. Алматыда монша кешені отқа оранды. Қаланың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт Медеу ауданында 5 қыркүйек сағат 7:49-да шыққан.

""Ля купель" екі қабатты монша кешенінің өртеніп жатқаны анықталды. Ғимарат пеноблоктан жасалып, ағашпен қапталған. Жалынның өзге ғимараттарға ауысу қаупі болды", - деді төтенше жағдайлар департаментінде.

Өрттің жасырын ошағын табу үшін тепловизор қолданылған. Ауданда су аз болғандықтан, "Алматы судан" қосымша су жеткізілді. Ғимарат әкімшілігінің айтуынша, кешенде демалушылар болмаған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 34 қызметкері, 8 техника күші жұмылдырылды. Өрт сағат 9.58-де сөндірілді.

Дереккөз: sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде