Қарағанды облысында ойын алаңында 5 жасар баланы тоқ соқты
Бұл балалар ойын алаңында жарақат алған алғашқы жағдай емес.
12:48 05.09.2021
Шілде айының ортасында астанада 13 жастағы баланы тоқ соққан болатын. Қарағанды облысында Ақсу-Аюлы елді мекенінің орталық саябағында бес жасар баланы тоқ соқты. Оқиға сенбі күні сағат 19.20-да Шет ауданында болған.
"Салдарынан баланың сол қолының саусақтары күйді. Ақсу-Аюлы аудандық ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бала үйде ем қабылдауы үшін ата-анасына тапсырылды", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес ("қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бұл балалар ойын алаңында жарақат алған алғашқы жағдай емес. Шілде айының ортасында астанада 13 жастағы баланы тоқ соққан болатын.
Дереккөз: sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!