Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстандық композитор Яков Хан дүниеден өтті
Музыканттың мезгілсіз қазасына коронавирус себеп болғаны айтылған.
14:16 05.09.2021
Композитор артында бай шығармашылық мұра қалдырды. Қазақстандық композитор, джазмен Яков Хан дүниеден өтті. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасына көңіл айтты.
"COVID ең жақсы адамдарды әкетіп жатыр. Бүгін тағы бір керемет жаннан айырылдық. Яков Ханның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Танымал музыкант, композитор, джазменнің артында бай шығармашылық мұра қалды. Түрлі жанрдағы туындылары бар. Ол көптеген жылдар бойы "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблімен әріптестік байланыста болды", - деп жазды министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram