Теннис: Григорий Ломакин Украинада өткен турнирде жеңімпаз атанды
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Черноморск қаласында (Украина) ITF M15 турнирінде жеңімпаз атанды.
13:14 06.09.2021
Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, осы жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Г.Ломакин украиналық Владислав Манафовпен бірге финалда ресейлік Ян Бондаренко – украиналық Олег Приходькомен бас жүлдені сарапқа салды. Қазақстандық-украиналық жұп үш сетке созылған тартысты матчта 7:6, 4:6, 10:8 есебімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев жекелей сында жартылай финалға дейін жетті. Дегенмен ол бұдан кейін Киевтегі челленджер жарысына шақырту алғандықтан, бұл додадан бас тартуына тура келді. Киевте Д.Евсеев іріктеу сайысын жеңіспен бастап, франциялық Хонатан Эйссериканы 6:0, 6:2 есебімен ұтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!