{metadescription}
Алматыда гидравликалық сынақ кезінде құбыр жарылды

Алматыда гидравликалық сынақ кезінде құбыр жарылды

Алматыда гидравликалық сынақ шарасы кезінде жылу құбыры жарылды.

«Медеу ауданындағы Достық даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысында жылу жүйелерін гидравликалық сынау кезінде жердің бетіне ыстық су шықты. Ол адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген жоқ», - деп хабарлады «Алматы жылу желісі» ЖШС.

Айта кетейік, жылу желісі бүгін таңғы сағат 6-лар шамасында жарылды. Оның температурасы +65 градустан асқан жоқ. Инженерлік-техникалық жұмысшылар жағдайды дер кезінде бақылауға алды.

«Жарылған құбырдың диаметрі 200 мм. Тозығы жеткен құбыр 1988 жылы төселген. Қазір мамандар істен шыққан жылу желісін ауыстырып жатыр», - деп атап өтті компаниядағылар.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.