{metadescription}
Елорда тұрғыны көліктерді жалға алып, сатып жіберген

Елорда тұрғыны көліктерді жалға алып, сатып жіберген

Нұр-Сұлтанда ірі көлемде алаяқтық жасаған 22 жастағы ер адам ұсталды.

Алаяқ OLX хабарландырулар сайты арқылы ресейлік есепке алынған көліктерді бір тәулікке жалға алған, содан кейін оларды басқа азаматтарға сатқан.

"Жас жігіт осылайша құны 12 миллион теңгеден асатын қаржыға 7 адамды алдап кетті", – деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция бөлімінің баспасөз қызметі.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, ұсталған адамның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы бар екендігі анықталды.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде