{metadescription}
Павлодарда әйелді көлік қағып кетті

Павлодарда әйелді көлік қағып кетті

Павлодарда кейуананы көлік қағып кетті.

Болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«2 қыркүйек күні сағат 11:20-да Павлодар қаласындағы Шөкин көшесінің бойындағы 103/1 үйдің ауласында «Тайота Альфард» автокөлігінің 52 жастағы жүргізушісі «артқы шегіну» ережесін бұзып, жолдың көлік жүретін бөлігінен өтіп бара жатқан 1957 жылғы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жарақат алған әйел ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды. Көлік қаққан әйел полицияға арыз жазбаған. Жол апаты бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

«Жылдың басынан бері Павлодар облысында 356 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 31 адам қайтыс болып, тағы 504 адам жарақаттанды», - деп айтып берді өңірлік полиция департаменті.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде