{metadescription}
Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттады

Жазғы Паралимпиада ойындарының чемпионы Давид Дегтярев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада жүлдегерлерін марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақорда сайтында жарияланды.

"Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін "Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиадалық комитеті" ҚБ нұсқаушы-спортшыcы Давид Мамиевич Дегтярев ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен наградталсын", - делінген жарлық мәтінінде.

Токио-2020 ХVI Жазғы Паралимпиада ойындарындағы аса үздік спорттық жетістіктері үшін наградтау туралы жарлыққа қол қойды:

  • ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен Давид Дегтяревті;
  • "Парасат" орденімен Зарина Байбатинаны, Теміржан Дәулетті және Ануар Сәриевті;
  • "Құрмет" орденімен Нұрдәулет Жұмағалиді

Токиодағы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы бес медальға ие болған: пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алтын, дзюдошылар Әнуар Сариев, Теміржан Дәулет және Зарина Байбатина күміс, ал жүзуші Нұрдәулет Жұмағали қола медаль жеңіп алған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.