Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Семейде 11 үйді тонап кеткен әккі ұры қолға түсті
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полиция қызметкерлері жедел-іздестіру барысында үй тонаумен айналысқан Семей қаласының 29 жастағы тұрғынын ұстады.
21:00 06.09.2021
Қазіргі уақытта ер адамның 11 үйге ұрлыққа түскені анықталып отыр.
«Әккі ұры терезе арқылы үйге кіріп жүрген. Тұрмыстық техника, бағалы зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлап, із суытып отырды. Ұрланған заттарды Семейдегі ломбардтарға өткізген», - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Тәртіп сақшылары барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктінің басқа да ашылмаған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram