Министр білім саласына қандай өзгерістер енгізілетінін айтты
Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев білім саласында қандай өзгерістер болатынын айтты.
10:13 07.09.2021
Министр атап өткендей, үшінші бағыт бойынша 12 іс-шара іске асырылады.
«Типтік оқу жоспарларын алып тастау бойынша «Білім беру туралы» заңға өзгерістер енгізіледі. Мұғалімдерді 3 жылда бір рет қайта даярлықтан өткізуді ұйымдастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар қашықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйенің сапасын жақсарту, сонымен бірге «Цифрлы ұстаз» жобасы іске асырылады», - деп түсіндірді Әсет Ерғалиев.
Одан бөлек, дарынды балаларға және олардың ұстаздарына жан-жақты қолдау көрсетіледі. Халықаралық пән олимпиадаларының жүлдегерлеріне гранттар беру, сонымен бірге бір реттік ақшалай сыйақы да төлеу көзделіп отыр.
«Мектептердегі орын тапшылығы проблемаларын шешу үшін 2025 жылға дейін кемінде 1 000 мектеп салу жоспарлануда. «Жас талап» жобасы аясында сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін техникалық және кәсіптік біліммен толық қамтамасыз ету көзделіп отыр», - деп баяндады Ұлттық экономика министрі.
Дереккөз: baq.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!