Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қазақстанда картоп пен сәбіз бағасы арзандады
Соңғы екі аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,5 пайызға төмендеді.
10:51 07.09.2021
Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Ержан Қазанбаев Үкімет отырысында айтты.
«Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар тауарларның бағасы 9,9 пайызға өсті. Ішкі нарықта отандық өнімердің көбеюі есебінен соңғы екі аптада бағалар 0,5 пайызға төмендеді. Ең жоғары өсу сәтінен бастап картоп бағасы 21 теңгеге, сәбіз 122 теңгеге арзандады. Соңғы апталарда қырыққабат 0,4 пайызға, пияз 0,1 пайызға арзандады», - деді Қазанбаев.
Оның айтуынша, бағаның ең жоғары өсімі 11,6% Түркістан облысында, 11,3% – Қызылорда облысында және 11,3% – Қостанай облысында тіркелді. Ең төмен өсім 9,5% Алматы қаласында, 9,6% –Алматы облысында және 9,7% Қарағанды облысында белгіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram