{metadescription}
Бойжеткен садақтан оқ атып, мектепте қырғын жасады

Бойжеткен садақтан оқ атып, мектепте қырғын жасады

Украинаның Полтава қаласында 19 жастағы қыз мектепке баса-көктеп кіріп, мұғалімдерге арбалетпен оқ жаудырған.

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 6 қыркүйек күні сағат 11:00-де №11 орта мектепте болған. Екі педагог жарақат алды. Қайтыс болғандар жоқ. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.

Арбалет асынып келген қыз ұсталды. Жергілікті полицияның мәліметінше, оқ атқан - 2002 жылғы полтавалық бойжеткен. Қыз шашын жасыл түске бояп тастаған. Ал екі қолы кесілген. Полицейлер оның осы мектепте төртінші сыныпқа дейін оқығанын анықтады. Оқушы қыздың он жылдан кейін бұндай әрекетке не себепті барғаны әзірше белгісіз.

Мектеп директоры жергілікті газетке берген сұқбатында қыздың екінші қабаттағы кабинеттердің біріне кіріп, мұғалім мен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарына оқ атқанын айтқан. Қазіргі кезде адам өлтіруге оқталу әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде