{metadescription}
Үндістанда қауіпті вирус анықталды

Үндістанда қауіпті вирус анықталды

Үндістанның Керала штатында 11 адамнан қауіпті нипах вирусы анықталды. 

Үндістанның Керала штатында өлімге әкелетін Nipah вирусының өршуі тіркелді. Бұл туралы Вайн Джордж штатының денсаулық сақтау министрі мәлімдеді. Министрдің айтуынша, Кожикоде медициналық колледжі мен ауруханасында 38 адам оқшауланған, олардың 11-інде ауру белгілері бар. Олар қазір ауруханаға жатқызылған, жағдайлары тұрақты. 

"Сегіз адамның сынамалары ұлттық вирусология институтына тестілеу үшін жіберілді", - деді Джордж NDTV-ге берген сұхбатында.

Ол ауруханаға жатқызылған барлық адамның денсаулығы тұрақты екенін айтты. Жақында Керала билігі нипах вирусынан 12 жастағы бала қайтыс болғанын хабарлаған еді, штат дәрігерлері онымен байланысқан 251 адамды тексеруді бастады.

Нипах вирусы ұшатын түлкілер мен жарқанаттардан таралады. Әдетте вирус жануардың сілекейі болған жемістерді жеген адамдарға жұғады. ДДСҰ мұны әлемдегі ең қауіпті вирустардың бірі ретінде санайды, себебі оған қарсы дәрі-дәрмек пен вакцина жоқ, ал өлім деңгейі 40-тан 75 пайызға дейін.

Үндістанда вирус алғаш рет 2001 және 2007 жылдары Батыс Бенгалияда, 2018 және 2019 жылдары Керала штатында анықталған. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде