Қазақстанда баспана арзандады
Қазақстанда баспана құнының төмендеуі байқалып отыр.
12:35 07.09.2021
Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлім етті.
«Бүгінгі таңда кезде бастапқы тұрғын үйге бағалар 3 пайыздан (биылғы қаңтар) 0,4 пайызға дейін (биылғы шілде), сондай-ақ қайталама тұрғын үйге 5 пайыздан (қаңтар) 1,1 пайызға дейін (шілде) төмендегені байқалды», - деді С. Жұманғарин Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, бағаның төмендеуі Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында байқалған.
«Хабарламаларды орындау аясында компаниялар тобы Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешені бағасын 15 пайызға немесе шаршы метрі 90 мың теңгеге төмендетті. Тағы бір компания тұрғын үй кешендерінің бағасын бір шаршы метрге 20 мың теңгеге дейін төмендетті, Нұр-Сұлтан қаласының 51 тұрғын үй кешеніндегі бастапқы тұрғын үй бағасы орта есеппен сегіз пайызға төмендеді. Алматыда - 11 пайыз, Шымкентте - үш пайыз, Атырауда - төрт пайыз. Басқа құрылыс салушылар да хабарландыруларды орындап, бағаны орта есеппен 15-20 пайызға төмендетті», - деді Жұманғарин.
Ол баға орташа есеппен 9 пайызға төмендегенін айтты. Төмендеу диапазоны - бір шаршы метрге 10 мыңнан 125 мың теңгеге дейін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!